«Ақ жол» партиясының араласуынан кейін Білім министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан «Боингтің» қазіргі ұшқышы – қазақстандық студент қызды қолдады

26.03.2020 01:04
shadow

12 наурыз 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Об этом сообщает Руспрес


Өткен жылдың желтоқсан айында «Ақ жол» партиясына «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алып жатқан Әйгерім Молдашевадан өтініш келіп түскен болатын. Ол – ата-анасынан ерте айырылған, қайсар да батыл, өте дарынды қыз. Авиациялық университетті бітірген соң, АН-2-де ауылшаруашылық авиациясының ұшқышы болып жұмыс істеді. Содан кейін Ирландияда оқып, «Эйр Астана» ұлттық компаниясында Boeing жолаушылар ұшағында екінші ұшқыш болып жұмыс істеді. Ол 2000-шы жылдардың басында жоспарланған ғарышкер құрамына іріктелген алғашқы қазақ қызы. Алайда, өкінішке орай, ол құрам құрылмай қалды. Қазіргі уақытта Әйгерім оқуын АҚШ-та жалғастыруда.




Өтініш иесі партия атына жазған хатында оқу орнындағы оқу ерекшелігіне байланысты қосымша жазғы семестрді өзінің оқу жоспарына қосуды сұрап, дәлел ретінде бекітілген оқу жоспарын ұсынған болатын.


Осыған орай, фракция төрағасы Азат Перуашев Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаевқа осы өтініштің оң шешілуіне ықпал етуін сұрап хат жолдаған болатын.


Жуырда ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Б.Асыловадан Ә.Молдашеваның академиялық оқытудың бесінші семестрін енгізу бойынша өтініші 2019 жылғы 20 желтоқсанда «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтінішін қарау жөніндегі комиссияның №119 хаттамасына сәйкес қанағаттандырылғандығы жөнінде хабарлап, хатқа жауап берді.


сканирование0029-1 Скачать

Источник: “https://akzhol.kz/ақ-жол-партиясының-араласуынан-кей/”